Сілтемелер

БАСШЫ БЛОГЫ


Басшы блогы

Хабарландыру

Хабарландыру
There are no translations available. 

Сауалнама

Электрондық ойындарды көп ойнайсыз ба?
 

Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі

E-mail Print
There are no translations available.

        Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі!»
        Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
        Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», видеотаспа және т.б
         Өткізу әдісі: әңгімелеу,  сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері .
Тәрбие сағатының жоспары:
1.     Ұйымдастыру  3-4 мин
2.     Негізгі кезең    21 мин
3.     Қорытындылау  5 мин
        1.Ұйымдастыру кезеңі.
        Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардың  міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьтердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өздеріне ұнаған   суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.
        2.Негізгі кезең.
Экологиялық экспресс ұйымдастыру.
       1. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап  айтуды мұғалім өзінен бастайды. Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде  Жерге іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш Имантайұлы  Сәтбаев өз ізін  қалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айында  ашылған  «№ 2402 кіші  планетаға» аты  берілді. «Сәтбаев» планетасын  әрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырып  ол «Эксперт»  тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.
         2.Енді  «Киностудио»  аялдамасына келеді.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көру.                        (2-3 мин)
         3. «Ой шақыру» аялдамасы.
      «Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді.
 « Тіршілікті дұрыс иемденбеу неге әкелді?»
 «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап беріп,ой қозғайды.
        4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.  
«Арал тағдыры»  бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер?
«Семей полигоны» бейнефильмінен қандай жағдайды көріп тұрмыз.Жалпы   тіршіліктің пайдасы мен қажеттілігін, дұрыс пайдаланудың  адам өміріне деген маңыздылығының қаншалықты екендігін атап көрсету.
 «Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.
      «Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені өз ойларын жетілдіріп аяқтауды  және осы бағыт  бойынша  қандай ой түйгенін білу.
       «Өнер» тобына өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды ұсынып, жасалған заттарын бейнелеп , себептері мен  мақсаттарына көңіл бөліп сұрау.
       «Үнемшіл» тобына  жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептетіп, олардың қалай азайтуға болатын  жолдарын сұрау, қандай ұсыныстары бар екенін біліп халыққа жарамдылығын көрсететіндей жаңалықтарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін  қандай ұсыныстарды шешім ретінде қабылдайтындығын  білу.
      5. «Ұлттық – тәлім тәрбие»  аялдамасы.
 «Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысы және аңыздар мен салт – дәстүрлеріне Наурыз мейрамын  мысалға алғанын  тыңдау.
 Тыйым сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «құстың ұясын бұзба» , «табиғатты ластама» және тағы сол сияқты .
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің бағы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады» , «Гүл өссе жердің көркі», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтірер», «Бір тал кессең , он тал ек» және тағы басқа   мақалдарды ұлттық тәрбиемен байланыстыру.
    6. «Өнер» аялдамасы
 «Өнер» тобына өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттар, яғни пакет, сынған ағаш, жануар терісі мен жүні , сарғайған-жыртылған жапырақтар қалың қағаз қораптар, пластмасса бөтелкелерден,   жасаған ойыншықтарына баға беру . Олар не үшін ,қалай жасағанын,экологиялық бағытпен түсіндіреді.
Мұғалім елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына табиғатты қорғау туралы ( экологияны) жолдауына тоқталу.
    «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» - деген сөздерінің мағынасына үңілу.
      7. «Үнемшіл» аялдамасы
         Үнемшіл» тобына  жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін жазып, көп қабатты және тұрғын үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептету және олардан  қанша уақытта толық айырылып, шіру   әдістерін есептеп, олардың қалдық заттарын азайту жолдарын сұрау. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін  қандай ұсыныстар айтылатынын білу,оға қаншалықты    қолдау таба алатындығына сенімділіктерін байқау.
Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз                                           2-10 жыл
Консерві банкалар                     80 жыл
Полиэтилен                                200 жыл
Пластмасса                                 500 жыл
Шыны                                        1000 жыл
        9. «Болашақ» аялдамасы
Эксперттерге сөз беру. Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша ой түйіндерін естіп. Экология бойынша негізгі тұжырымдамаларды   қай топ нақты айтқандығы туралы ескертіп өту. Әрбір топтың   айтылған ең негізгі ұсыныстарын   атап өту.
 
         10. «Қорықтар» аялдамасы
         Мультимедия кешені арқылы Қазақстан корықтары мен табиғи саябақтардың, мысалы Ақсу Жабағлы, Көкшетау, Іле Алатау, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл және т.б қорықтарды  слайдтармен көрсету.
          3.Қорытынды.
          Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің  біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса,  экологияландырылған білімді ұрпақ  қажет.

Авторы: биология пәнінің мұғалімі Ибраева Ж.Қ.

<< кері

 
 

Мемлекеттік сатып алу


Іздеу

Ауа-райы

Қонақтар

Members : 3
Content : 239
Content View Hits : 556576
Функцианирует на хостинге: HOSTER.KZ | Разработка и поддержка: WDCG