Сілтемелер

БАСШЫ БЛОГЫ


Басшы блогы

Сауалнама

Электрондық ойындарды көп ойнайсыз ба?
 
E-mail Печать
Сынып жетекшісінің міндеттері
         Сынып жетекшіcі нені білуі қажет?
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
- жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
- сынып ұжымының бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы;
- оқушы тұлғасының қалыптасуына колайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы;
- сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпал жасаушы.
         I. Әлеуметтік міндеттері
Бұл – баланы қорғау, көмек көрсету, отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін байланыс орнату.
         ІІ. Диагностикалық-әдептік міндеттері
Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
         III. Жеке–дара практикалық міндеттері
Оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлексі жатады.
1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
5. Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
6. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
7. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде көмек көрсету.
8. Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
9. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату.
10. Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.
       IV. Сынып жетекшісінің құқықтары
1. Оқушылардың денсаулығы және психологиялық  жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;
2. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;
3. Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру;
4. Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
5. Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлау керек.
6. Ата-аналарды мектепке шақырып тұру.
7. Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз сөйлеуге құқығы бар.
          V. Не істеуге болмайды?
Сынып жетекшісі:
1.     Оқушының намысын қорлауға;
2.     Қосалқы ат қоюға, кемсітуге;
3.     Оқу бағасын оқушыны жазалау үшін қолдануға;
4.     Оқушының сенгіштігін пайдаланып, уәдесіне тұрмай, қате бағдар беруге;
5.     Отбасын оқушыны жазалау үшін әдейі пайдалануға;
6.     Әріптестерін сыртынан жамандауға немесе кәсіби беделін түсіруге құқы жоқ.
         VI. Іс – қағаздары мен есеп беру
Мынадай іс-қағаздар жүргізеді:
- Сынып журналы;
- Тәрбие жұмысының жоспары;
- Сынып жетекшісінің дәптері;
- Оқушының күнделіктері;
- Тәрбиелік шаралар жинақталған папка;
- Оқушының жеке құжаттары;
- Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;
- Сынып жетекшінің циклограммасы.
        VII. Күнделікті атқаратын қызметі
1. Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау;
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
3. Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру;
4. Оқушылармен жеке-дара жұмыс.
         VIII. Апта сайынғы жұмысы
1. Оқушының күнделігін тексеру;
2. Сыныппен жоспар бойынша іс-шара өткізу;
3. Ата-аналармен жұмыс;
4. Пән мұғалімдерімен жұмыс;
5. Оқушылардың ауырғаны туралы анықтамасын жинақтау.
        IX. Ай сайынғы жұмыс
1. Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу;
2. Мектеп психологымен кездесу;
3. Ата-аналар комитетімен кездесу;
4. Тәрбие жұмысы бойынша жиналыстарға қатысу.
         X. Тоқсан сайынғы жұмыс
1. Сынып журналын толықтыру;
2. Сынып жетекшілерінің семинарына қатысу;
3. Тоқсан сайын тәрбие жұмысын қорытындылау жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру;
4. Ата-аналар жиналысын өткізу.
         XI. Жылына 1 рет:
1. Ашық іс-шара өткізу;
2. Оқушының жеке құжаттарын толтыру;
3. Сынып жұмысынын жоспарын талдау;
4. Сыныптың статикалық көрсеткіші.
 
 

Мемлекеттік сатып алу


Іздеу

Ауа-райы

Қонақтар

Пользователи : 3
Статьи : 239
Просмотры материалов : 561101
Функцианирует на хостинге: HOSTER.KZ | Разработка и поддержка: WDCG